бейсенбі, 2 сәуір, 2026 19:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Теміржол билеттеріне көктемгі жеңілдік жарияланды

Теміржол билеттеріне көктемгі жеңілдік жарияланды
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Сәуір айында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша пойыз билеттері 25% көлемінде көктемгі жеңілдікпен сатылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлттық тасымалдаушы жеңілдіктерді үш бағытта қолданды және оны алу үшін жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақтау қажет. 

Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:
• № 105/106 «Петропавл – Алматы»
• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.

Қосымша № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағытында турист вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билетті 15-45 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады. Ол тек 2Д, купе санатындағы вагондарда төменгі және жоғарғы орындарға ғана қолданылады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар