сейсенбі, 3 ақпан, 2026 17:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

UFC Шавкат Рахмоновты өз рейтингінен алып тастады

UFC Шавкат Рахмоновты өз рейтингінен алып тастады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Бұған дейін Рахмонов өз дивизионында екінші орында болып, чемпиондық белбеу үшін басты үміткерлер қатарында тұрған еді.

Соңғы жаңартылған деректерге сүйенсек, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің ресми сайтындағы жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингтен уақытша алынып тасталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін Рахмонов өз дивизионында екінші орында болып, чемпиондық белбеу үшін басты үміткерлер қатарында аталған еді. Алайда рейтинг жаңартылғаннан кейін оның есімі тізімнен көрінбеді. Мұның басты себебі — спортшының қайта асқынған жарақаты.

Белгілі болғандай, Шавкат тізесінен тағы да жарақат алып, жақында операция жасатқан. Айта кетерлігі, бұл — оның мансабындағы алғашқы ұзақ үзіліс емес. Бұған дейін де дәл осы тізе мәселесіне байланысты бір жылдан астам уақыт жекпе-жек өткізбеген болатын.

UFC тәжірибесінде ұзақ уақыт октагонға шықпаған спортшыларды рейтингтен уақытша алып тастау қалыпты жағдай саналады. Лига осылайша чемпиондық жарыста белсенді үміткерлерге жол ашуды көздейді.

Қазіргі таңда жартылай орта салмақтың көшін Джек Делла Маддалена бастап тұр. Одан кейін Иэн Гэрри орналасса, үшінші орынға Майкл Моралес көтерілген.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар