Украина Тиматиге сырттай айып тақты
Бұл ақпарат Украина Ішкі істер министрлігінің ресми базасында көрсетілген
Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) танымал ресейлік рэпер Тимур Юнусовқа, яғни Тиматиге іздеу жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Oxu.Az-қа сілтеме жасап.
Бұл ақпарат Украина Ішкі істер министрлігінің ресми базасында көрсетілген. Мәліметке сүйенсек, әртіс 1 шілдеден бастап іздеуде. Ал 13 маусым күні оған Киевтің бақылауындағы аумаққа заңсыз кіру дерегі бойынша сырттай айып тағылған.
Айта кетсек, Тимати 2017 жылдан бері Украинадағы атышулы "Миротворец" сайтының тізімінде де бар.
СБУ мұндай қадамды алғаш рет жасап отырған жоқ. Бұған дейін де ресейлік саясаткерлерге, әскери және мәдениет қайраткерлеріне сырттай айып таққан болатын. Сонымен қатар, Украина президенті Владимир Зеленский Ресей азаматтарына және Мәскеумен ынтымақтасқан өзге мемлекеттердің жеке әрі заңды тұлғаларына қарсы санкциялар енгізу туралы бірнеше жарлыққа қол қойған.