«Құқық – әділет пен парасат жолы»: Қақпатас ауылында құқықтық ақпарат сағаты өтті
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 17:40
- 52
Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 Қақпатас ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында «Құқық – әділет пен парасат жолы» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында адам құқықтары мен бостандықтары, заң талаптары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Кездесуге учаскелік полиция инспекторлары шақырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысқа бармаудың жолдары, мектептегі қауіпсіздік шаралары, полицияға қашан және қалай жүгіну керектігі жөнінде маңызды ақпарат берді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауап алды.
Кездесу соңында қатысушылар кітапхана қорындағы құқықтық әдебиеттер көрмесімен танысты.





