жексенбі, 10 қараша, 2024 9:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қысым көрсетіле бастады": Жұлдыз Әбдікәрімова жанайқайын айтты

"Қысым көрсетіле бастады": Жұлдыз
Әбдікәрімова жанайқайын айтты
Сурет: әлеуметтік желіден
Актрисаның айтуынша, сотқа қатысты келеңсіз жайттар орын алып жатыр

Жұлдыз Әбдікәрімова сотқа байланысты бейтаныс адамдар тарапынан түрлі қысымның көбейгенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазған. 

"Осы процессті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда, көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ… Өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, “…сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз переговорға шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!”-деген сәлемдеме жолдапты", - деп жазды актриса. 

Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне сырттай қоқан-лоқы көрсеткендерге ескерту жасады. 

"Ескертіп айтамын мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Бірақ.. Құлаққағыс болсын сот процессінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!", -деп жазды ол. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар