жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайдан контрабандалық жолмен тауар тасығандар сотталды

Қытайдан контрабандалық жолмен тауар тасығандар сотталды
Фото: ҚМА
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды.

Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен тауар тасу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазу дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Тергеу барысында «Group of the Companies TDA» ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнерді заңсыз жолмен елімізге кіргізгені анықталды. Сонымен қатар олардың бақылауындағы 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жазылған. Мемлекетке келтірілген залал 10 млрд теңгені құрады», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында. 

Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылды. Бұған қоса компаниямен байланыста болған серіктес кәсіпорындар өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.

Сот үкімімен кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілей отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар