Қызылордада 48 жастағы сотталған азамат аттестат алды
Қылмыстық-атқару кодексі бойынша, 30 жасқа дейінгі сотталғандар үшін орта білім алу міндетті.
Қызылордадағы №37 түзеу мекемесінде ерекше шара өтті – 48 жастағы сотталған азамат орта білім туралы аттестат алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.
Бұл – оның түзелуге деген ұмтылысы мен жаңа өмірге жасаған қадамының нәтижесі.
Салтанатты рәсімге кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері мен тәрбие бөлімі қатысты. Қылмыстық-атқару кодексі бойынша 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелсе де, бұл азамат табандылығы арқылы мектепті аяқтады.
Аттестат иесі де өз қуанышын жасырмады:
Бүгінде №37 мекемеде 5 сотталған білім алуда. Жалпы, №37 және №60 мекемелерінде 39 адам оқып, оның 17-сі аттестат алды. Бұл – адам ерік-жігері мен үмітінің айқын дәлелі.