Өзбекстан павильоны EXPO-2025 көрмесінде басты дизайнерлік марапатқа ие болды
Бұл туралы Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қоры мәлімдеді.
Жапонияның Осака қаласында өтетін EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде Өзбекстан павильоны «Көрме стендтері» номинациясы бойынша Red Dot: Best of the Best беделді дизайнерлік жүлдесіне ие болды.
Бұған дейін павильон жайында Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева айтып өткен еді.
Айта кетейік, Red Dot Award: Brands & Communication Design – дизайн және коммуникация саласындағы әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі. Әр жылдары бұл марапатты Apple, Ferrari, Philips, LG сынды жаһандық брендтер иеленген.