дүйсенбі, 30 наурыз, 2026 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалынады – фейк

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалынады – фейк
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министрлік тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еңбек министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұсталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20 пайызға қысқартылады деген бейнероликтер таратып жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10 пайызға артты.   Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызына дейін ұлғайтылуда.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110 пайызынан 118 пайызына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Осыған байланысты минитсрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар