Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалынады – фейк

Министрлік тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еңбек министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұсталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20 пайызға қысқартылады деген бейнероликтер таратып жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған байланысты минитсрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.