жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды

Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды
Фото: depositphotos.com
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

“Отбасы банк” өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануға шектеу енгізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Банк мәліметінше, талдау барысында бір пәтердің әртүрлі адамдарға бірнеше рет сатылған жағдайлар анықталған. Әр сатып алушы сол пәтерге өз зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсаған. Бұл заң бұзушылық болып саналмаса да, қаражаттың мақсатсыз пайдаланылу қаупін тудырады.

Осындай тәуекелдердің алдын алу үшін банк Индустрия және құрылыс министрлігіне БЗТ пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізуді — яғни, зейнетақы төлемі арқылы алынған тұрғын үйді бес жылдан кейін ғана сатуға рұқсат беруді — ұсынған. Алайда ұсыныс қолдау таппаған, себебі заң бойынша мұндай шектеулер тек белгілі жағдайларда ғана қолданылады, ал БЗТ есебінен алынған тұрғын үй бұл санатқа кірмейді.

Сондықтан азаматтар бұрынғыдай зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін еркін пайдалана алады. Барлық өтінімдер әдеттегі тәртіпте қабылдануда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар