Жаңалықтар

Жұмыссыз азаматтардың МӘМС-ке қатысу мүмкіндігі артады

Келесі жыл республикалық бюджеттен өңір әкімдіктеріне 32 млрд теңге бөлінеді.

 Бұл қаражат жұмыссыздар мен әл-ауқаты төмен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге жұмсалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qazaqstan.tv  сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қосымша 1 миллионға жуық азамат жоспарлы медициналық көмекпен қамтылады. 

Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға және жалпы ұлттық әл-ауқатты арттыруға сеп болмақ. Жүйенің тағы бір жаңашылдығы енді жоғарғы шектеу алынып тасталады.