сенбі, 27 желтоқсан, 2025 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 120 орындық әскери казарма ашылды

Жамбыл облысында 120 орындық әскери казарма ашылды
Ашық дереккөз
Келер жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 116 млн теңге қарастырылған

Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған 120 орындық казарма пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасының 99205 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Биыл облыстық бюджеттен 182 млн теңге бөлініп, бір оқу-жаттығу жиыны өткізілді, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық мүліктер сатып алынды.

Салтанатты шара барысында қатысушылар нысанның лентасын қиып, казарма ғимараты мен әскери техника көрмесін аралап көрді.

Құны 2,2 млрд теңгені құрайтын казарманың құрылысы 2024 жылы басталып, толық аяқталды. Қазіргі таңда аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы жаңа ғимаратқа орналастырылды.

Жауынгерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес облыс аумағындағы стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету және қорғау міндеттерін орындауға кірісті.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар