Жаңалықтар

Жамбыл облысында шағын және орта бизнесті қолдау қарқыны артып келеді

Өңір әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бизнесті дамытуға 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 млрд теңге несие берілді.

 Берілген несиелердің ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында 52 млрд теңгеге 1218 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 18,1%-ға артты, бұл 765 млрд теңге.

Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылды.