Жаңалықтар

Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін теміржол өтпелері мен көпірлер тексерілді

Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келген жоқ, - деп хабралайды Jambylinfo.kz 

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісінен кейін жолшылар инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты.

Мамандар Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы 5 жолайрық, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпірді мұқият тексеріп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізген.