жұма, 8 мамыр, 2026 22:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда студенттер мен сотталғандар арасында телекөпір ұйымдастырылды

Жамбылда студенттер мен сотталғандар арасында телекөпір ұйымдастырылды
Ашық дереккөз
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде тәрбиелік мәні бар іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Д. Жексенбиев пен сотталғандар арасында тәрбие ісі жөніндегі бөлім бастығы, әділет майоры М.Бекхожаевтің ұйымдастыруымен Тараз Парасат колледжінің студенттерімен телекөпір өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сотталған азаматтардың өмірлік тәжірибесі арқылы студенттерге ой салу болды. Телекөпір барысында сотталғандар өз өмір жолдары, жіберген қателіктері мен оның салдары туралы ашық әңгімелеп, жастарды заңды құрметтеуге, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға шақырды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Ашық форматта өткен диалог екі тарап үшін де маңызды әрі тағылымды болды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақта қателікке жол бермеуге септігін тигізеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар