Жамбылдықтар Шона Смаханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
- авторjambylinfo.kz
- 8 қараша, 2024
- 457
Жамбылдықтар Шона Смаханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, марқұмның әруағына тағзым етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еске алу шарасы Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінде өтті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ақын Маралтай Райымбекұлы мен белгілі қаламгерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.
Алдымен жиылғандар Шона Смаханұлын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Бұдан соң, сатирик-жазушының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Әрі қарай мектеп залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жиында сатирик-жазушының шығармашылығы мен өнегелі өмірі насихатталып, естеліктер де айтылды.
Айта кетейік, Шона Смаханұлы Жамбыл облысы, Талас ауданында туған. Қазақ ұлттық педагогика университетін бітірген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1943-1957 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданында педагогикалық қызметте болған. 1957-1984 жылдары - «Мектеп» баспасының редакторы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Ара» - «Шмель» журналының фельетонисі, «Жазушы» баспасының редакторы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы «Тотияйын» 1959 жылы басылып шыққан. «Қу түлкінің сыбағасы», «Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің», «Шымшыма», «Ұры тіс», «Алтын жұмыртқа», «Ұр, тоқпағым, ұр», «Жүз шымшыма, қырық қышыма», «Қоңыраулы шеңгел», «Кездік», «Сандықтан шыққан шайтан», «Жымияды жеңешем», «Жасырайын несіне», «Өткірдің жүзі» сатиралық өлеңдер жинағы, тарихи тақырыпқа жазылған «Үміт жұлдызы» повесі жарық көрген. Бірқатар ән мәтінінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарыққа шыққан. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз