Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қыркүйек, 2025
- 355
Мәжіліс депутаты Марат Башимов 2025 жылдың 19 қыркүйегінде өткен "Заң және тәртіп: адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері" тақырыбындағы дөңгелек үстелде қылмыстық істерге қатысты статистиканы жария етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Жыл басынан бері 141 іс тіркелді. Оның ішінде жезөкшелікке тарту бөлек қаралады, ағза саудасы да жеке санатта. Мұнда тек сатушылар ғана емес, медицина қызметкерлері мен өзге де саланың өкілдері қатысы бар», – деді депутат.
Оның сөзінше, қабылданған заңның тиімділігін тек қана сандар емес, практикалық нәтижелер де көрсетіп отыр.
«Қазір еңбек шартын жасамайтын ұйымдар да жауапқа тартылып жатыр. Біздегі негізгі түйткіл – еңбек қатынастарын заңдастыру мен еңбекақы төлеу еді. Жаңа заң осының жүзеге асуына жол ашты», – деп түйіндеді Башимов.





