жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Зорлық- зомбылықсыз 16 күн белсенділік” акциясы басталды

“Зорлық- зомбылықсыз 16 күн белсенділік” акциясы басталды
Фото: Jambylinfo.kz
25 қарашадан бастап республика көлемінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты жаһандық науқан басталды. Игі бастама биылғы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады.

Науқанның негізгі мақсаты – 16 күн бойы отбасы ішінде зорлық-зомбылық көрген азаматтарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету, жәбірленушілерді оңалтуға бағытталған қызметтерді ұйымдастыру, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осы кезеңде құқық қорғау органдары қоғамда кез келген күш көрсету әрекетіне жол бермеуге бағытталған қоғамдық көзқарас қалыптастыру үшін кешенді іс-шаралар атқарады. 2024 жылғы 4 қазанда ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылғанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда оның аймақтық бөлімшелері де қызмет атқаруда.

Профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына тәртіп, жауапкершілік және адамгершілік қағидаттарын сіңіру. Қоғам тұрмыстық жанжалды жай ғана отбасылық түсініспеушілік емес, ауыр құқықбұзушылық, тіпті қылмыс ретінде қабылдауы тиіс. Сондықтан әрбір азамат зорлық-зомбылық көрсеткен тұлғаларға нөлдік төзімділік танытуды өзінің азаматтық позициясы ретінде ұстануы қажет. Заң үстемдігі мен өзара құрметке негізделген орта – қауіпсіз әрі тұрақты болашақтың кепілі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар