Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан бергі рекордтық көрсеткіш тіркелді
Бұл туралы министр Ғани Бейсембаев айтты
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш: соңғы алты жылда 1000-нан аса мектеп салынған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынып жатқанын атап өтті. Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі.