Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді
Республикалық референдум өткен 15 наурыз күні елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар. Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі — өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат – мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт. Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті, - делінген министрліктің хабарламасында.






