Қоғам

Қар мен аяз: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райына батыстан шығысқа қарай жылдам жылжып келе жатқан циклон әсер етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, бұл циклон өзімен бірге қар жаууын, бұрқасын мен желдің күшеюін алып келеді. Батыс өңірлерде ауа райының күрт нашарлауына байланысты көктайғақ құбылыстары да күтіледі.

Мамандардың айтуынша, 25 желтоқсан күні циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батыс аймақтарында ауа температурасы 20–25 градусқа дейін төмендесе, солтүстік өңірлерде 23–28 градус аяз тіркелуі мүмкін.

Ал республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде жылырақ болады. Күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылу шамасында сақталады.