Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:11
- 175
Ыстамбұлда өткен шотокан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ауқымды додаға Түркия, Әзербайжан, Ұлыбритания және Африка елдерін қоса алғанда, әлемнің көптеген мемлекеттерінен спортшылар қатысқан. Жарыс WSF ұйымының 16-шы әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды.
Sportdata турнирлік жүйесінің дерегінше, Марат Мұрзиев 45–54 жас аралығындағы санатта (Shobu Ippon Kumite Open) сынға түсіп, турнир бойы қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, барлық кездесуде жеңіске жеткен.
Алғашқы айналымда ол Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен жеңсе, келесі кезеңде де осындай нәтижемен басым түсті. Жартылай финалда Кот-д’Ивуар спортшысы Франк Лоусонды да 2:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.
Шешуші кездесуде де жоғары деңгейде өнер көрсеткен Марат Мұрзиев әлем чемпионы атанып, алтын медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, Марат Мұрзиев – Атырау облысы әкімінің орынбасары. Ол бұған дейін өңірдің бірнеше ауданын басқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Құлсарыда балалар полиция шақырып, анасын ажалдан арашалап қалды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 сәуір, 2026






