Қоғам

"Бәрін тоқтаттым": Ақмоншақ Нұртаза күтпеген мәлімдеме жасады

Қазіргі таңда Ақмоншақ Нұртазаның Instagram парақшасында 100 мыңнан астам, TikTok-та 33 мыңға жуық жазылушысы бар

TikTok-тағы креативті видеоларымен танылған, желі қолданушылары арасында "креатив директор" атанып кеткен Ақмоншақ Нұртазақызы көпшілікті тосын мәлімдемесімен таңғалдырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айта кетейік, ол бұған дейін Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған. Білім беру саласында жаңашыл бағыт ұстанған Ақмоншақ оқушылармен заманауи тілде сөйлесе білетін, технология мен тәрбиені шебер ұштастырып жүрген жетекші мамандардың бірі ретінде танылды.

Ол дәстүрлі мектеп форматынан тыс, мұғалімдердің жиналысын семинарға айналдырып, оқушылармен трендтік видеолар түсіріп, жаңа буын педагог болмысының тың үлгісін қалыптастырды.