Елдегі орташа айлық жалақы 473 158 теңгеге жетті
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қазақстанда орташа айлық жалақы 473 158 теңгеге жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық деңгейі 339 912 теңгені құраған. Ал орташа атаулы айлық жалақы 473 158 теңге болды.
Өңірлер бойынша қарастырғанда, жалақы өсімі ең жоғары көрсеткішке Ақмола облысында (17,4%) жеткен. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында өсім 13,1%, Абай облысында 11,7%, Алматы қаласында 11,5% және Жетісу облысында 11,2% болған.