Қоғам

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында интернет-алаяқтардың құрбаны болған жастар саны күрт артқан. Әсіресе 18–30 жас аралығындағы азаматтар мен 60 жастан асқандар жиі алданған.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті өткен және биылғы жылдың сегіз айын салыстырып, интернет-алаяқтық деректерін талдады. 2025 жылы алаяқтардың арбауына жастардың жиі түскені анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылы 18 бен 30 жас аралығында екі мыңға жуық жәбірленуші болса, биыл олардың саны үш мыңға жетті. 60 жастан асқан адамдар да жиі алданады. Бұл жастар мен қариялардың осал топқа жататынын көрсетеді.