Қоғам

Кофеин жасушаларға қалай әсер етеді: ғалымдар зерттеу нәтижелерін жариялады

Зерттеуде ашытқы (yeast) жасушалары пайдаланылған, олардың стресс жағдайындағы тіршілігі кофеиннің әсерімен ұзарғаны анықталған.

Ғалымдар кофеиннің тек сергектік сыйлайтын сусын ғана емес, жасуша деңгейінде де маңызды рөл атқаратынын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz studyfinds.org ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Microbial Cell журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, кофеин:

Күйзеліс кезіндегі жасушалардың өмірін ұзартады. Зерттеуде ашытқы (yeast) жасушалары пайдаланылған, олардың стресс жағдайындағы тіршілігі кофеиннің әсерімен ұзарғаны анықталған.

Бұл әсер арнайы ақуыздар мен молекулалық жолдардың жұмысына тікелей байланысты.

Алайда кейбір жағдайларда, кофеин ДНҚ-ның зақымдалуын күшейтіп, оны қалпына келтіру процесіне кедергі келтірген.

Яғни, кофеиннің әсері екі жақты:

– Егер ағзада стресске қарсы тұру жүйесі белсенді болса, ол пайдалы болуы мүмкін;

– Бірақ керісінше жағдайда, зиян келтіруі де ықтимал.

Қорытынды: кофе тек қуат беретін сусын емес, жасушалық деңгейдегі күрделі процестерге қатысатын зат. Сондықтан оны тұтынғанда тепе-теңдік пен мөлшер маңызды.