Қоғам

«Құрбыларыма Тоқаевпен суретке түскенімді айтамын»: Президентті көрген қарапайым қыз қуанышын жасыра алмады

Ол президентті бүгін Астанадағы сенбілік кезінде кездестірген

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада сенбілікке қатысып, жастармен және ағаш егетін коммуналдық қызметтің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқиға орнындағы журналист Әділ Балтабаевқа сұхбат берген бойжеткен Тоқаевпен кездескенімді жақындарымның бәріне айттым дейді. Бойжеткен Астананы көгалдандыратын компаниялардың бірінде жұмыс істейді. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясы аясында елордадағы сенбілікке қатысты.