Қоғам

Сақ болыңыз: әуежай атынан жалған жарнама тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «ұмытылған багаж сатылымы» туралы хабарламаларға сенбеңіз! Онда багажды бар болғаны 1099 теңгеге сатып алуға болады делінген. Бірақ бұл – шындыққа жанаспайды.

Алматы халықаралық әуежайы ресми түрде мұндай акциялар мен аукциондар өткізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!" – делінген ресми хабарламада.

Мұндай фейк хабарламалар бұрын да таралған.