Қоғам

Жексенбіде Қазақстанда нөсер жаңбыр мен шаңды дауыл күтіледі

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.

Синоптиктердің мәліметінше, 5 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде кей жерлерде қатты нөсер күтіледі. Бұл аймақтарда, сондай-ақ оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Сонымен қатар, республика көлемінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ал күндіз солтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.