“Жол үстінде есінен танып қалған”: Полиция қызметкерлері жүргізушіні құтқарды
Оқыс оқиға Атырау облысында орын алған
Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан сәтте Атырау — Құлсары тасжолы бойында жолдан шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға орнына дереу тоқтаған полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің есінен танып қалғанын анықтап, жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем қызметі шақыртылып, 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оқыс оқиғаның алдын алынды,- делінген хабарламада.