Саясат

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы миллиондаған адам наразылыққа шықты

Акцияларға шамамен 7 миллионға жуық адам қатысқан

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы миллиондаған адам наразылыққа шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сенбі күні АҚШ-тың бірнеше мың қаласында Дональд Трамптың саясатына қарсы бағытталған “No Kings” (“Патшаларға жол жоқ”) ұранымен жаппай наразылық шерулері өтті.

Ұйымдастырушылардың дерегінше, акцияларға шамамен 7 миллионға жуық адам қатысқан. Бұл — ел тарихындағы ең ауқымды біркүндік наразылықтардың бірі болып отыр.

Шерулердің барлығы бейбіт түрде өтті. Сонымен қатар, қатысушылар саны маусым айында өткен алдыңғы наразылықтармен салыстырғанда 2 миллион адамға артқан.