Қасым-Жомарт Тоқаевқа төрт мемлекеттің елшісі сенім грамоталарын тапсырды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақордада төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


Сенім грамоталарын:
Кувейт Мемлекетінің елшісі Адель Ахмед Сулайман Әл Гунайман,
Моңғолия елшісі Гунаажавын Батжаргал,
Монако Княздігінің елшісі Мирей Мартини,
Эль-Сальвадор Республикасының елшісі Юрий Павел Сантакрус Пердемо тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Президент елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық елдермен конструктивті әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған бейбіт және теңгерімді сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттер басшыларына ізгі сәлемін жолдады.