Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад қаласына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелеріне тоқталды.