жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Габаладағы Конгресс-орталыққа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Габаладағы Конгресс-орталыққа барды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен баратынын жазған едік.

Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде мемлекет басшылары саяси ұсынысын айтып, түркі мемлекеттерінің ортақ мәселелерін талқыламақ.  

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар