Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.
Бұл Мажарстан Корольдігінің құрылуы және Мажарстанның бірінші королі Әулие Иштван I-ге құрмет көрсету үшін тойланатын мереке.