Саясат

«Будапештте кездесеміз»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары Таяу Шығыстағы бейбітшілікті орнату және Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер жайын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақ үй басшысының айтуынша, әңгіме барысында соғыстан кейінгі кезеңде Ресей мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарының реттелуі де сөз болды.

Келесі аптада жоғары лауазымды америкалық және ресейлік шенеуніктердің кездесуі жоспарланған. Вашингтон делегациясын Мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады.