Мемлекет басшысы Чехия Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді.
Андрей Бабиш қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, еліміздің түрлі салада жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді.