Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет сапармен келген Джевдет Йылмазға ілтипат білдіре отырып, бауырлас Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екеніне назар аударды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада Қазақстан Премьер-министрі және Түркия Вице-президентінің тең төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия қорытындысы екі елдің сан қырлы әріптестігін одан әрі жандандыра түсетініне сенім білдірді.