Саясат

Нұртілеу мен Лавров Шолпан-Атада екіжақты қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады. 

Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.