️Президент: «Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды»
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін беретінін айтты.