Саясат

Тоқаев Ақордада Финляндия Президентін қарсы алды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. 

Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті. 

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.