Саясат
Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 қыркүйек, 2025
- 594
Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Қазақстан мен Израиль: Екіжақты ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қаңтар, 2026





