Саясат

Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.