Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.