Трамп Ауғанстаннан Баграм әуебазасын АҚШ-қа қайтарып беруді талап етті
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қыркүйек, 2025
- 660
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстаннан Баграм әскери әуебазасын Құрама Штаттардың қарамағына беруді талап етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz RBC.ru-ға сілтеме жасап.
«Егер Ауғанстан оны қайтармаса, жаман нәрселер болады», — деді ол Truth Social парақшасында.
Кейін Ақ үйдің жанында журналистерге: «Егер олар бұған бармаса, не істейтінімді өздеріңіз көресіздер», — деп қосты.
19 қыркүйекте Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуде Трамп Баграмды «әлемдегі ең қуатты әуебазалардың бірі» деп атады. Оның айтуынша, нысан Қытайдың ядролық қару өндіретін жерінен бір сағаттық жерде орналасқан. Ол Джо Байден әкімшілігін әскерді Ауғанстаннан шығару шешімі үшін тағы да сынап, оны «толық апат» деп сипаттады.
Келесі күні саясаткер АҚШ пен «Талибан» арасында Баграмға шағын контингент орналастыру туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады. The Wall Street Journal дерегінше, әңгіме лаңкестікке қарсы операцияларға арналған плацдарм құру жайлы. Алайда Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі бұл талапты қабылдамайтынын мәлімдеді.
«Ауған халқы тарих бойы шетелдік әскери қатысуды мойындаған емес. Бұл мүмкіндік Дохадағы келісімде мүлде қарастырылмаған», — деді министрлік өкілі Закир Джалали.
Дегенмен ол саясат пен экономика саласында ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.
Reuters-ке пікір білдірген сарапшылар Трамптың бұл бастамасы АҚШ әскерінің қайта басып кіруі ретінде қабылдануы мүмкін екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






