жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді

16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді
Фото: Бейнежазбадан
Айта кету керек, Ұлболсын небәрі 16 жаста. Жасына қарамастан, ол дүбірлі доданың басты белдесуінде майталман спортшыларды артта қалдырып, ел мерейін үстем етті.

Болгарияда өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде "Шардара Армспорт" құрамасының жас спортшысы Ұлболсын Елмұрат жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz 

Албена қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додада шардаралық Ұлболсын қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды.

Шешуші белдесуде ол аты аңызға айналған словакиялық спортшы, 13 мәрте әлем чемпионы атанған Лусия Дебрановамен кездесіп, тәжірибелі қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Қазақтың қаршадай қызы сенімді түрде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар