Бүгін Қазақстан күрес федерациясының жалпы жиналысы өтіп, алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағыттар мен жүйелі даму тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Вице-президенттер болып Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Мельниченко Юрий Васильевич пен Лондон Олимпиадасының жүлдегері Таңатаров Ақжүрек Достықұлы тағайындалды. Сондай-ақ, бас хатшы қызметіне бұған дейін «Қазақ күресі» қауымдастығының бас директоры болған Бекбосынов Дамир Асенғазыұлы кірісті.
Бұдан бөлек, ілгерідегі құрамда болған вице-президенттер Қатаев Нұржан Жолымбекұлы, Жабасов Дәурен Еркінұлы, Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Сондай-ақ, отырыста еркін және әйелдер күресінен ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушысы лауазымына үміткерлердің кандидатуралары қаралды. Үміткерлер өздерінің жеке бағдарламаларымен таныстырды. Еркін күрестен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметіне Аслан Байгуловтың, ал әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметіне Әділет Ермаковтың кандидатуралары ұсынылып, талқыланды.
«Алдағы міндет - күрес спортын жүйелі, әділ және тұрақты дамыту. Әр өңірдегі жұмыс ортақ талаптарға сүйеніп, қабылданатын шешімдер ашық әрі түсінікті болуы шарт», - деді Еркін Оқасов.
Ұқсас жаңалықтар
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
- авторБақытжан Бекболат
- 18 желтоқсан, 2025
«Қайрат» әлемнің үздік футбол клубтарының қатарына енді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 желтоқсан, 2025






