жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Афина төрінде атой салған жамбылдық балуан қола медаль еншіледі

Афина төрінде атой салған жамбылдық балуан қола медаль еншіледі
Ашық дереккөз
U17 Әлем чемпионаты – жас спортшылар үшін аса маңызды турнирлердің бірі. Мұнда жеңіске жеткен әр балуан тек елінің ғана емес, бүкіл әлемдік күрес аренасында өз есімін танытады.

Грекияның астанасы Афина қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

71 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Марлен Мейірбекұлы аталмыш додада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

Жас спортшы күрестің алғашқы кезеңдерінен-ақ сенімді қимылдап, қарсыластарына дес бермеді. Жартылай финалда мықты қарсыласына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, үшінші орын үшін күресте табандылық танытты.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар