Спорт
Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогі кезеңі өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:10
- 61
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
26-29 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде семсерлесуден (шпага) Әлем кубогі кезеңі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Халықаралық додаға 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық сында ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, жүлде үшін 30-ға жуық отандық спортшы бақ сынайды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 наурыз, 2026






